Болатын

Вебинарлар:

http://www.bigleaguekickball.com/about/ Soma no prescription next day delivery №1. Бірінші вебинар.

Атауы: Үрей, қорқынышпен және невроз симптомдарымен жұмыс.

Мерзімі: 2 ай.

Аптасына: 2 рет.

Вебинар көлемінде келесі тақырыптар бойынша мәліметтер беріледі:

  1. ВСД, невроз симптомдары? Бұл жағдайға түсу себебіңіз.
  2. Вегетативтік дисфункция (ВСД) немесе әлсіз нерв жүйесі. Бұл қандай диагноз?
  3. Үрей дегеніміз не? Шынайы (табиғи) үрей мен невроз кезіндегі үрейлі ойлардың айырмашылығы?
  4. Қорқыныш эмоциясы мен үрейдің айырмашылығы?
  5. Невроз кезіндегі тоқтаусыз үрейлі ойларға тоқталу.
  6. Вегатативтік криз (немесе паническая атака) дегеніміз не?
  7. Қорқыныш. Шынайы қорқыныш пен невроз кезіндегі қорқыныштың айырмашылығы?
  8. Ұйқысыздықпен күрес. Дәрісіз ұйықтауға қол жеткізу сатылары. Ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін жаттығулар.
  9. Невроз симптомдары жүрек дүрсілі, қол-аяқтың дірілдеуі, жүрек айну, дене температурасының бірқалыпты көтеріңкі болуы, асқазан бұзылыстары және т.б. симптомдарының (дәрігермен бір қатарда) невротикалық шығу жолдарын қарастыру және түзеуге бағытталған жаттығулар.
  10. Үрейлі ойларды болдырмауға бағытталған жаттығулар жүйесі.
  11. Қорқынышқа қарсы жаттығулар жүйесі.

12.Вегатативтік кризді (немесе паническая атака) болдырмауға негізделген жаттығулар.

 

 

 

№2.Екінші вебинар

Атауы: Неврозға алып келген мінез және ойлау жүйесімен жұмыс

 

Мерзімі: 2 ай.

Аптасына: 1/2 рет.

Вебинар көлемінде келесі тақырыптар бойынша мәліметтер беріледі:

  1. Неврозға алып келетін жағдайлар?
  2. Неврозға алып келген адамның жан дүниесіндегі тұлғалық талас-тартыстар дегеніміз не?
  3. Сен маған міндеттісің! Сен мен қалағандай болуың керек! Әлем мен қалағандай болуы керек! Өмірлік жоспарларым дәл мен жоспарлағандай болуы керек! Міндеткерлік пен мінездегі бірбеткейліктің неврозға әсері қандай?
  4. Мен дәл мынадай өте жоғары жетістістіктерге жетуге міндеттімін! Әйтпесе мен ешкім емеспін. Өз-өзіне жоғары талаптар қоюдың невроздың туындауына әсері қандай? Мен мынадай адам болуым керек (ақылды, кішіпейіл, бар адамға көмектесетін, кешірімді, сыпайы)! Өтірік маска тағудың, өз болмысыңызды жасырудың невроздың туындауына әсері қандай?
  5. Адам болмысының қараңғы жағы (теневая сторона человека). Юнг бойынша.
  6. Өзін-өзі төмен бағалаудың невроздың туындауына әсері қандай? Самооценка.
  7. Міндеткерлік пен мінездегі бірбеткейлікті азайтуға бағытталған жаттығулар жүйесі.
  8. Өзін-өзі тану мен өзін дұрыс бағалауға бағытталған жаттығулар жүйесі.
  9. Ашу, ызаның неврозға алып келуі.
  • Өкпе, басқаны кінәлаудың неврозға алып келуі.
  • Өзін кінәлі сезіну, өзін айыптаудың неврозға алып келуі.
  • Ұялу, ұят және невроз.
  • Тәкаппарлық және мақтаншақтық-неврозға алып келетін эмоцияның бірі ретінде.
  • Адамның теріс эмоцияларымен жұмыс жасау.

 

 

№ 3 вебинар.

Атауы: Өзіммен танысу. Өзіңді дұрыс бағалау. Мен кіммін? (самооценка)

 

Мерзімі: 2 ай.

Аптасына: 1/2 рет.

Вебинар көлемінде келесі тақырыптар бойынша мәліметтер беріледі:

 

  1. Мен кіммін? Мен өзімді танимын ба? мен өзімді өзім бағалай аламын ба? үй тапсырмалары мен жаттығулар жүйесі.
  2. Менің түрім қандай? Мен өз түріме өзім баға бере аламын ба? әлде біреулердің бағасымен санасамын ба? Өз түрім мен келбетіме қатысты өзімді қалай бағалаймын?
  3. Мен қандай маманмын? Өз кәсібіңіз бен кәсіби қабілетіңізге қатысты қандай баға бересіз? Ақыл-ой, интеллектіңізді қалай бағалайсыз?
  4. Мен ешкім емеспін! Мен ешнәрсеге лайықты емеспін! деген өзіндік бағалау тұжырымдары қайдан шыққан?
  5. Өзін-өзі тануға бағытталған жаттығулар.
  6. Өзіңізді сыйлауға және өзіңізді қабылдауға бағытталған жаттығулар.
  7. Түр, келбетіңізге оң баға беруге бағытталған жаттығулар.
  8. Әлеуметтік ортадағы орын мен адамның ақыл-ойы, интеллектісіне байланысты өзін төмен бағалауы. Өзіндік бағаны қайта қалпына келтіруге бағытталған жаттығулар.