Мен туралы

Soma no prescription needed overnight Мен туралы

Зоржанова Айсұлу. Мен ВСД, невроз (невроз бұрыңғы атауы) және Вегативтік кризді (ПА) өз басынан өткізген адаммын. Басында осы халден құтылу мақсатында мен психологияны зерттеуге мәжбүр болдым. Осы «ауру» менің психолог мамандығына қайта білім алып, осы саланы жақсы көруге итермеледі. Мен өзім ізденіп, өз неврозымнан өзім шықтым десем өтірік болар. Маған қайта өмірге оралуыма, дүниеге деген ұмтылыстарым мен қызығушылықтардың қайта оралуына психологтар көмектескенін айта кетейін.

Өзімнің невроз халімде мен өзім тұратын қаладағы қазақ тілді психологтардың кабинетін қағып шығып, өз психологымды таба алмаған адамдардың бірімін. Ресейлік психологтардан вебинар арқылы, кейіннен онлайн-кеңес беру арқылы өз неврозымнан психологтардың көмегімен шықтым. Сіздерге ұсынып отырған 3 вебинар сол психологтардың маған берген кеңестері мен өзімнің оқу орнынан алған білімдерімді, өз ізденістерімнің көрінісі.

Сонымен, Невроз деген ауру емес, Халықаралық аурулар тізбегінде бұл аурудың атауы жоқ. Неврозды шартты түрде адам психикасының уақытша халі деп атасақ болады. Сол үшін неврозға қалай кірсеңіз солай шығудың жолы бар. Сол шығатын жолды мен өз тренингтерімде жүйелі түрде сіздерге жеткіземін. Сондай-ақ YouTube желісінен Зоржанова Айсулу атаулы каналдан Невроз, ВСД, Вегетативті криз, үрей, қорқыныш, фобия, адамның өзін-өзі бағалауы, өз-өзін қабылдауына қатысты видеороликтер көре аласыз.

 

Невроз деген диагноз қазір қойылмайды. ВСД (бұл орыс тіліндегі атауы) деген диагнозды да қойылмауы тиіс. Қазір күйзеліс (депрессия), астения,тревожное расстройства, ОКР деген іспеттес диагноздар қойылады.