Невроздан зардап шегуші адамға бірінші кеңесім!

Невроздың себептері сан алуан. Бұл жерде мен невроздың адамның психикасын алдаудың басты себебін түсіндіруге тырысамын.

Невроздан зардап шегуші адам күнделікті сыртқы әлемнен байланысын үзіп, өзінің ішкі ойлары мен үрейлерінде, ішкі әлемінде өмір сүреді. Мұның басты себебі-бұл адам өз өміріндегі кейбір жәйттерге көнбейді немесе разы емес, бірақ сол жәйттерді өзгертуге қауқары (шамасы) жетпейді. Ал, кез-келген адам ұзақ уақыт бойы өмірінің бір бөлігіне көңілі толмай, сол нәрсені өзгерте алмаса нерв жүйесі шаршуамыен қатар, біздің психикамызды қорғау мақсатында ми невроз симптомдарын қосады. Сөйтіп өз өміріндегі көңілі толмайтын жәйттерді өзгерте алмаған адам невроз симптомдарымен күресіп, күндіз-түні өз симптомдарымен ойша күреседі де, сыртқы әлеммен және өзінің жеке өмірімен байланысты үзе бастайды. Кейбір невроз симптомдарымен өмір сүретін адамдар бірнеше жылдар бойы тек өз ахуалының қиындығы туралы, қайсы симптоммен қалай күресу керектігі туралы, қандай дәріден қандай нәтиже алғандығы туралы, дәл қазір өзін қалай сезініп жатқандығы туралы, қайсы дәрігерге (кейде емшілерге) бару керек туралы ойлардан бас алмайды, яғни өмірі тек өз симптомдары мен ішкі сезімдеріне арналады. Осы сөздерді оқып отырсаңыз, сіз жылдар бойы неврозбен ауырған болсаңыз мына сөздерді түсініп алсаңыз: Сіз өміріңіздегі бір проблемаларға көңіліңіз толмайды және сол проблемаларды шешуге қауқарыңыз жетпейді, көптеген эмоционалды қысымдардың нәтижесінде қазақи тілмен айтқанда миыңыз шаршаған, сол үшін миыңыз сізді құтқарып қалу мақсатында назарыңызды невроз симптомдарына аудартып, былайша айтқанша сізді алдауға тырысуда. Бұл симптомдарды қаншалықты көп ойласаңыз, күресуге тырыссаңыз, ем іздеп жүгірсеңіз бірнеше жылдық өміріңіз сол симптомдармен күресумен өтіп кетуі де ғажап емес.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *