Үрей мен қорқыныш

Үрей барлық адамзатқа тән эмоция. Үрейлену дегеніміз болашақта болуы мүмкін құбылыстан немесе өмірлік жағдаяттан алдын ала алаңдау дер едім. Алдын айтқандай үрейлену баршамызға тән, әрбіріміз белгілі бір кезеңде белгілі бір шешімі қиын деген өмірлік ситуацияларды алдын ала алаңдаймыз. Бірақ неврозда үрей арқылы психиканың бұзылыстарында жағдай өзгеше.

Невроз симптомдарынан зардап шегетін адамда тоқтаусыз үрейлену байқалады, сондай-ақ осы адам өзінің үрейленуінен, өз симптомдарынан да үрейленеді. Сонымен үрейдің ойлардың тоқтаусыз шеңберінде қалып, өз миының қорқыныштары мен үрейлерінен өзін-өзі тығырыққа тірейді.

Невроз симптомдарының ең бастысы-үрейлену. Күндіз-түні үрейлі ойлардың шырмауына түскен адам бұл халдьден ешқашан шыға алмайтындай шарасыздықты сезінеді.

Қалыпты жағдайдағы (күнделікті үрейлі ойларды айтсақ) үрейлі ойларға: жұмысқа кешігу, жұмысты тапсыруға үлгірмеу, отбасылық мәселелердегі үрейлер, ипотеканы төлеу, несие төлеуге байланысты және т.б. үрейлі ойларды айтуымызға болады. Ал, невроз симптомдары бойынша болатын үрейлі ойларға жоғарыда аталғандай шынайы өмірдегі ситуацияларға сәйкес келетін үрейлі ойлардан тыс, бір қарағанда «ақылға сыймайтын» үрейлерді айтар едім. Ол ойларға мысалы:

-невроздың бір симптомы вегатативтік криз немесе паническая атака болған жағдайға байланысты туындаған үрейдер: 1. ПА тоқталмай (аяқталмай) соңында жүрегімнің жарылып өліп қалу үрейі; 2. ПА кезінде есімнен айырылып адамдар алдында талып құлау үрейі және т.с.с.

-невроздың тағы бір симптомы ұйқысыздықпен байланысты үрейлер: 1. Мен ешқашан ұйықтай алмай қаламын, соңында организмде демалыстың болмауынан өліп кету үрейі. 2. Ұйқысыздықты емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектерге тәуелді болып қалу үрейі.

-өмір бойы неврозбен ауырып, өмір бойы дәрі-дәрмектерді ішу және сол дәрілерді ішуден туындайтын кері әсерлермен күресіп өтуім керек пе деген үрейлер.

-жүрек ауруынан немесе инсульттан өліп қаламын деген қорқыныш, үрейлі ойлар.

Жоғарыда аталған үрейлі ойлар бұл тек бастылары, невроз жағдайында бұдан басқа үрейлі ойлардың саны да түрлері де өте көп, бірақ бізді невроз, күйзеліс жағдайындағы адамдар оқитындығын ескере отырып, мен сол адамдардың үрейлі ойларына үрей қосылуын болдырмау мақсатында үрейлі ойлардың тізімін жалғастырмауды жөн көрдім.

Ең бастысы сіз үрей мен қорқыныштың айырмашылықтарын біліп алғаныңыз дұрыс. Үрей дегеніміз болашаққа қатысты ойлар болса, қорқыныш дегеніміз дәл қазіргі жағдайдағы болып жатқан (мысалы иттің тістеп алуы, қараңғылықтан қорқу және т.б.) ойлар жиынтығы. Келесі бөлімде невроз жағдайында үрейлі ойлар жиынтығына қалай түсеміз деген сұраққа жауап беруге тырыстым.

Үрей мен қорқыныш: 1 комментарий

  • Ноябрь 30, 2018 в 6:06 дп
    Permalink

    Hi, this is a comment.
    To delete a comment, just log in and view the post's comments. There you will have the option to edit or delete them.

    Ответ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *